Оқиға

Ирандағы жағдай: Туристерге арналған жедел желі ашылды

Қорда туристерге кеңес беру үшін жедел желі жұмыс істейді: 8 700 112 21 12.

Туристердің қауіпсіздігі – басты назарда. Жағдай бақылауда. «Туристік Қамқор» туристік кепілдік беру жүйесінің әкімшісі осылай деп хабарлады.

Хабарламаға сенсек, 28 ақпанда Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің орындалуына өзгерістер енгізілген.

«Әуе тасымалдаушылары ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, жолаушыларды тасымалдауды одан әрі ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Туристерге рейстердің статусын тұрақты түрде тексеріп отыру ұсынылады, себебі ұшу және қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін. Жидда, Медина және Дубай бағыттары бойынша әуе билеттерін 6 наурызды қоса алғанға дейін сатып алынған орны бойынша тегін қайта брондау және қайтару мүмкіндігі қарастырылған. «Туристік Қамқор» қоры туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болып, Қазақстан Республикасы туристерінің құқықтарын қорғау мақсатында жағдайды бақылауда ұстап отыр», — делінген хабарламада.

Рейстердегі өзгерістерге қатысты сұрақтар бойынша туристер әуе компанияларының брондау және ақпарат орталығына немесе әуе билетін сатып алған жеріне жүгінуі қажет.

Қорда туристерге кеңес беру үшін жедел желі жұмыс істейді: 8 700 112 21 12.

Сондай-ақ қордың мобильді қосымшасы арқылы туркодтың бар-жоғын және туристік сапардың статусын тексеруге болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button