Сараптама
Тренд

«Әскердегі әлімжеттік»: Қорғаныс министрі тергеліп жатыр ма?

Мемлекет басшысы әскерде қаза болған сарбаздардың ата-аналарының арызы бойынша тексеру жүргізуді қатаң тапсырған болатын. Бүгін Tiek.kz тілшісі Мәжіліс кулуарында Бас прокурор Берік Асылов осы мәселе бойынша пікір алмақ болған еді.

«Бұл өте күрделі мәселе. Баласынан айырылған ата-аналармен кездестік. Әрқайсысының шағымын жеке қарап, комиссия құрылды. Барлық жерде тексеріс жүріп жатыр. Жауапты тұлғаларға қатысты іс қозғалады», — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ол барлық эпизодтар бойынша іс қозғалғанын,  іске жауапты Қорғаныс министрлігінің басшыларының үстінен іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

Осы тұста осы іске қатысты Қорғаныс министрінің статусы сұрақ қойды. Алайда бұл сұраққа Бас прокурор нақты жауап бере алмады.

«Осы сұрақтарға жауап беретін адамдардың барлығы бар», — деп сырғыта жауап берді.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметкерлердің аналарының үндеуіне қатысты сауалдардың өзіне емес, тергеу органдарына бағытталуы тиіс екенін айтқан еді.

«Қалай «біз»? Біз тергеу жүргізе аламыз ба? Тергеуді ішкі істер министрлігі мен прокуратура жүргізеді. Ұлдарынан айырылған аналар тергеудің аяқталуын талап етіп отыр. Бірақ оны жүргізуге біздің құзыретіміз жоқ. Министрлік те отбасылар сияқты тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Мұндай жағдайлардан ешкім де сақтандырылмаған. 2025 жылы суицид салдарынан екі әскери қызметкерден айырылдық», – деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button