Оқиға

Апатқа ұшыраған Су-30 ұшағы 230 сағат қана ұшқан

Қорғаныс министрі апатқа ұшыраған Су-30 туралы пікір білдірді

Қарағанды облысында апатқа ұшыраған Су-30СМ жойғыш ұшағы жаңа буындағы истребитель болған. Бұл туралы Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов мәлім етті, деп хабарлайды tiek.kz.

«Апатқа ұшыраған ұшақ жаңа болған. 2022 жылы қолданысқа берілген. 230 сағат ұшқан. Жалпы біздегі СУ 30 буынындағы ұшақтардың барлығы жаңа. Ең бастысы ұшқыштарымыз аман», — деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, ұшақ апатына нақты қандай фактор себеп болғаны анықталып жатыр. «Қателіктің неден болғанын тексеру анықтайды. Әзірше арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр», — деп қосты министр.

Естеріңізде болса, осыдан кеуі күн бұрын Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған еді. Оқиға жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған. Экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button