Мәдениет

«Бадықованы сотта жеңдім»: Нұрсейіт Жылқышыбайдың адвокаты мәлімдеме жасады

Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінен сұхбат алған Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа берген еді.

Заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желісінде актриса Дариға Бадықовамен болған сотқа қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.

Өз жазбасына ол актрисаның шағымына қатысты сотта жеңіске жеткенін айтқан.

«Кезекті жеңісіммен бөліскім келеді. Біз сотта Дариға Бадықованы жеңдік. Бұл істе мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатыстым және оны толық қорғап шықтым. Дариға ханымның соттағы талабы қандай болды? 2025 жылғы 4 қазандағы YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрату, 1 000 000 теңге моральдық зиян өндіру, 2 500 000 теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп беру. Сот бұл талаптардың барлығын толық қанағаттандырусыз қалдырды», – деп жазды заңгер.

Іс 2025 жылғы 4 қазанда YouTube платформасында жарияланған сұхбатқа байланысты қозғалған. Талап-арызда аталған сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, жария түрде кешірім сұрату болған. Сондай-ақ 1 миллион теңге моральдық зиян, 2,5 миллион теңге заңгерлік шығын және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіру талап етілген. Жалпы талап сомасы 4 миллион теңгеден асқан.

Алайда сот талапкердің барлық уәжін негізсіз деп тауып, арызды толық көлемде қанағаттандырусыз қалдырған.

Бұған дейін өткен жылы қазанда Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, онымен не үшін ажырасқаны туралы айтқан еді. Продюсер, әртіс, актриса Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа берген болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Инга Иманбай | Заңгер (@inga_imanbay)

Басқа жаңалықтар

Back to top button