
Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам елді мекенге су басу қауіп төніп тұрғанын айтып дабыл қақты
Ведомствоның мәліметінше, 38 ауыл өзен жағасына жақын орналасқандықтан, су деңгейі көтерілсе, қауіпті аймақта қалып отыр. Олардың ішінде 12 елді мекен үшін жағдай аса күрделі болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, тағы 62 ауыл еріген қар суы ағатын ойпаң жерде орналасқан. Бұл да су басу қаупін едәуір арттырып отыр.
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров жағдайдың басқа да өңірлерде күрделі екенін ескертті.
«Солтүстік Қазақстанмен қатар Ақмола, Шығыс Қазақстан және ішінара Қарағанды облыстарында да су тасқыны қаупі жоғары», — дейді ол.
Дереккөз: todayinfo



