
Бүгін, 29 қарашада, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.
Сайлау учаскелерінің басым бөлігінде дауыс беру Астана уақытымен сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. Ал 101 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 06:00-ге белгіленген.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша 10 388 сайлау учаскесі жұмыс істеуі жоспарланған. Оның 556-сы азаматтардың уақытша болатын орындарында, соның ішінде медициналық мекемелер мен әскери бөлімдерде ұйымдастырылған.
Сайлау барысында еліміздегі 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады.Атап айтқанда:
- 20 облыстық мәслихатқа – 668 депутат;
- 38 қалалық мәслихатқа – 626 депутат;
- 170 аудандық мәслихатқа – 2 153 депутат.
Депутаттық мандаттардың 3 113-і бірмандаттық сайлау округтері, ал 334-і партиялық тізімдер бойынша бөлінеді. Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады.



