Қоғам
Тренд

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты 37 жастағы әйел күдікке ілінді

Алматы полициясы бес адамның өмірін қиған жеке үйдегі өртке қатысты қылмыстық істің ашылғанын мәлімдеді.

Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға жеке бас араздығы себеп болған. осы себепті қасақана өрт қойған. 

Полиция қызметкерлері тергеу барысында бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің болуы мүмкін қозғалыс бағытын анықтаған.

«Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға жеке бас араздығы негізінде жасалған қасақана өрт қоюдан болған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button