Заң үстемдігі
Тренд

300-ден астам компания басшысының шетелге шығуына шектеу қойылды

Елімізде 300-ден астам компания басшысының шетелге шығуына уақытша шектеу қойылды.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Биыл 1 қазаннан бастап салық берешегі 27 мың АЕК-тен, яғни 116,6 млн теңгеден асқан және қарызын 3 айдан астам уақыт өтемеген тұлғаларға осындай шара қолданыла бастады.

Бұл талап жеке практикамен айналысатын тұлғаларға, заңды тұлғалардың бірінші басшыларына және олардың міндетін атқарушыларға қатысты.

Елден шығуға шектеу тек сот санкциясымен қойылады. Қазір Қазақстанда осындай көлемде салық берешегі бар 700-ге жуық салық төлеуші тіркелген.

Жалпы, салық қарызын мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары берешек мөлшеріне қарай қолданылады. Олардың қатарында банк шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтату, мүлікті тізімдеу және сату шаралары бар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button