Заң үстемдігі
Тренд

Санжар Боқаев ұзақ мерзімге сотталды

Алматының Алмалы аудандық соты қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаевты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасау, ұрлық, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру, көрінеу жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу бойынша айып тағылған.

Боқаев биыл 18 наурызда ұсталып, сот процесі 16 қазанда басталған еді. Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы оны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал Боқаев өзіне тағылған айыптарды мойындамай, адвокаттары оны толық ақтауды талап етті. Қылмыстық іс бойынша оның жиені Мадияр Қалменов пен бұрынғы мобилографы Ұлан Нүсіпқожа да сотқа тартылды.

Боқаев жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Айыптау нұсқасы бойынша, «ҚазТрансГаз» кәсіподағы автожарыс ұйымдастыруға бөлген қаражаттың бір бөлігі жиһаз бизнесіне жұмсалған. Істің өзге эпизодтары Үлкен Алматы өзенінің жағалауындағы гранит тақталардың ұрлануына, Баум тоғайындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне және әлеуметтік желідегі жарияланымдарға қатысты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button