Саясат
Тренд

«Миды өлтіреді»: Тоқаев TikTok әлеуметтік желісін сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен форумда TikTok әлеуметтік желісін қатаң сынға алып, оны «адамның миын өлтіретін қорқынышты дүние екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл платформа  жастардың зияткерлік қабілетіне кері әсер етіп отыр.

«TikTok өте қорқынышты дүние. Ол адамның әсіресе жастардың миын өлтіреді», — деді президент «Сбер» банкінің «Жасанды интеллект әлеміне саяхат» (AI Journey 2026) халықаралық конференциясы кезінде жасанды интеллект саласында еңбек етіп жүрген дарынды жастармен болған кездесуінде.

Президент мұндай тәсілдің орнына цифрлық технологияларды тиімді пайдаланып, одан пайда табуға болатынын атап өтті.

«Смартфонды дұрыс әрі шебер пайдалану арқылы, шартты түрде айтқанда, ауылда немесе шағын елді мекенде отырып-ақ ақша табуға болады. Ол үшін сол жерде интернет болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Ресей астанасы Мәскеуде жүр.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button