Экономика

Wildberries Қазақстанда такси қызметін іске қосуға дайындалып жатыр

Қазақстанда такси нарығына жаңа ойыншы қосылуы мүмкін. Taxi.kz порталының негізін қалаушы Тимур Худайбергенов Wildberries компаниясы Қазақстанда такси қызметін іске қосатынын мәлімдеді.

Қазір WB Taxi төрт елде жұмыс істейді. Тимур Худайбергенов бұл туралы YouTube желісіндегі “Бизнес-Ниндзя” арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Stan.kz.

“Иә, Wildberries таксиі Қазақстанға келеді”, – деді ол.

WB Taxi қызметі 2025 жылдың шілдесінде Беларусь астанасы Минскіде сынақтан өткен. Сол жылдың желтоқсанында Ташкентте іске қосылды. 2026 жылғы наурызда Қырғызстанда, ал қыркүйекте Арменияда жұмысын бастады.

Сервис жергілікті таксопарктермен және тасымалдаушылармен серіктестік негізінде жұмыс істейді. Жолаушыларға бірнеше тариф ұсынылады, ал жүргізушілерге агрегатор комиссиясының төмендетілген мөлшерлемесі мен тұрақты төлемдер қарастырылған.

2026 жылғы 25 қарашадағы мәлімет бойынша, WB Taxi жолаушыларға арналған қосымшасын Google Play дүкенінен 1 миллионнан астам рет жүктеген. Ал жүргізушілерге арналған WB FLOT қосымшасын жүктеу саны 100 мыңнан асқан.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button