Мәдениет

«Өлуге менен рұқсат сұрады»: Азамат Сатыбалды әкесінің соңғы демі туралы айтты

Азамат Сатыбалды марқұм әкесінің соңғы демі үзілген шағын есіне алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы ол Еркебұлан Тоқтарға айтып берді.

«Папам ауырмай, аяқасты қайтыс болды. Менің қолымда рұқсат сұрап қайтты. Таңда келсем ұйықтамай отыр екен, содан тырнағын алып бердім. Сақалыма тиме деді. Содан ұйықтап қалдым, Кейін түсте оятты. Төменге түссем, папам ауырып отыр имамды шақыршы дейді. Нұрсұлтан деген ұстазы бар сол келді. Ясин сүресін оқыды. Папамның тілі біразға дейін кәлимаға келмеді. Кейін шықты. Сосын біреуді көргендей жымиым, маған қарап, рұқсат сұрап ұйықтап кетті. Мен жылап жатсам, Нұрсұлтан ұстаз Алладан сондай өлім сұрап, дұға етіп жатыр. Кейін сұрасам, оның ақ өлім екенін айтты», деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалдының әкесі 2020-жылы қайтыс болған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button