Референдум: Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру бюллетенін таныстырды
Референдумға арнап 12 млн 586 мың 413 бюллетень басып шығарылады.

Орталық сайлау комиссиясы жаңа Конституцияға арналған референдумның бюллетенінің нұсқасын таныстырды, деп хабарлайды tiek.kz.
Бюллетень 15 наурызда өтетін республикалық референдумда дауыс беру үшін арналған. Бюллетеньде: «Жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда БАҚ-та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады.

Мәтін қазақ және орыс тілдерінде берілген және зағип сайлаушылар үшін Брайль рельефті қарпімен жазылған.
Сайлаушыларға:
– «иә – қабылдаймын»;
– «жоқ – қабылдамаймын», – деген екі жауап нұсқасы ұсынылады.
Әр нұсқаның жанында бос төртбұрышты ұяшық орналасқан. Нұсқаулықта таңдалған жауаптың оң жағындағы бос ұяшыққа кез келген белгі қою керек екені көрсетілген.
Референдумға арнап 12 млн 586 мың 413 бюллетень басып шығарылады.



