Қоғам
Тренд

«Интернет түгілі, байланыс жоқ»: заңгер Мусиннің «ауыл 100 пайыз интернетпен қамтылды» деген сөзін жоққа шығарды

Бағдат Мусинді Маңғыстау облысына Жетібай ауылына әкім қылып жіберу керек. Отырсын байланыс жоқ жерде ел басқарып.

Ауылдарды аралап шықсаң, Бағдат Мусиннің «ауылдар 100 пайыз интернетпен қамтылды» деген өтірік есебін өз көзіңмен көресің.

Қағаз жүзінде — цифрлық Қазақстан.

Шынайы өмірде — бір сызық та жоқ.

Интернет түгілі, «E» әрпі жоқ. Толықтай сеть жоқ!

Ал Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «халыққа жасанды интеллектіні меңгеріңдер», — деп тапсырма беріп жатыр.

Бірақ қарапайым ауылда әлі күнге дейін базалық байланыс жоқ екенін кім айтады?

Сеті жоқ халыққа цифрландыру туралы айту — мазақ емес пе?

Сеті жоқ елге реформа жасап жатырмыз мақтану әділетсіздік емес пе?

Сеті жоқ қоғам жаңа Конституцияны қайдан оқиды, қалай талқылайды?

Шынайы проблема — интернеттің жоқтығы емес.

Шынайы проблема — шындықтың айтылмауы.

Есеп әдемі болуы мүмкін.

Бірақ халық өмірі — презентация емес.

Бағдат Мусинді Маңғыстау облысына Жетібай ауылына әкім қылып жіберу керек.

Отырсын байланыс жоқ жерде ел басқарып.

 

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

 

tiek.kz

Back to top button