Қоғам
Тренд
«Самұрық-Қазынаға» жүргізілген тексеріс нәтижесі құпия болып қалатын болды
Ал ҚТЖ-дан миллиардтаған теңгенің заңбұзушылықтары анықталды

«Самұрық-Қазына» қорының аудит нәтижелері қызметтік ақпарат ретінде құпияланған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата Tengrinews.kz сауалына жауап берді, деп жазады tiek.kz телеграм арнасы.
Бұған дейінгі тексеруде қорда 351,8 млн теңгенің қаржылық заңбұзушылығы және 122,2 млрд теңгенің тиімсіз жоспарлануы мен жұмсалуы анықталған. Ал ҚТЖ тобында 1,05 млрд теңгенің қаржылық заңбұзушылығы, 21,2 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланылуы және 80,6 млрд теңгенің шығыны мен алынбаған пайдасы тіркелген.
Дизель отыны делдалдар арқылы орта есеппен 29% үстеме бағамен сатып алынған.
Аудиторлар берген 9 ұсынымның 7-еуі орындалғанымен, қабылданған шаралардың толық мәліметі жарияланбады.



