Қоғам
Алматыда турист қар астында қалып көз жұмды (ВИДЕО)

Алматыда Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте екі турист қар астында калып қойды.
Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қар құрсауында қалған туристің біреуі өздігінен шығып үлгерген.
«Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, “Барыс” қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан көз жұмған адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді”, – деп жазды төтенше жағдай департаменті.



