Словакияда қазақ студенттері ұсталды

Словакияның Тренчин қаласында Қазақстаннан барған үш студент ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды деген ақпарат тарады.
Олар полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, жергілікті тұрғыннан ақша талап еткен, кейін оны күшпен алып кетпек болған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Словакияда қазақ студенттері ұсталғанын растады.
“ҚР СІМ-ге Словак Республикасында Қазақстанның төрт азаматының ұсталғаны белгілі. Азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде, олардың туыстарымен байланыс орнатылды. Бұл жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында” – делінген
Словакия басылымның 19 қарашада жариялаған мәліметінше, Тренчин қаласында полиция жергілікті университеттің төрт студентін ұстаған. Олардың үшеуі Қазақстаннан келген. Күдіктілердің жасы 18 бен 21 аралығында. Тергеу нұсқасы бойынша, бес жас жігіт өздеріне қарыз деген ер адамнан ақша өндіріп алмақ болған. Осы мақсатта олар бетперде киіп, полицияның арнайы жасағына ұқсас қара түсті киіммен ер адамның әжесі тұратын пәтерге барған. Киімдерінде Словакияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес құрылымының NAKA деген жазуы болған.



