Денсаулық
Тренд

Қазақстанда екпе алмаған балалар сабақтан шеттетілетін болды

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабақтан уақытша шеттетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды tiek.kz

Сархат Бейсеноватың айтуынша, қызылша ауруының көбеюіне байланысты жаңа шаралар қабылдануда.

Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда таңғы медициналық тексеру енгізіледі. Балалар, мұғалімдер және тәрбиешілер ЖРВИ мен қызылша белгілеріне тексеріледі.

Ауру жағдайлары тіркелген кезде екпе алмаған балалар сабаққа қатысудан уақытша шеттетіледі.

Айтуынша, екпе алмаған балаларды уақытша шеттету олардың кейін сырқаттанып қалмауы үшін жасалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button