Әлем

110 миллион доллар пара алған: Моңғолия президентіне ауыр айып тағылды

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді.

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух қызметінен кетуге ниетті екенін мәлімдеді,  деп жазады tiek.kz.

Montsame агенттігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы соңғы бір айда өзіне ауыр қылмыстар бойынша айып тағылып, беделіне нұқсан келгенін айтқан.

Ол Демократиялық партияның отставка туралы талабын қолдап, тергеу арқылы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге ниетті.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, айыптаулар Таван-Толгой – Гашуунсухайт теміржолының құрылысына қатысты жабық тендермен байланысты болуы мүмкін.

Саясаткерлердің жалпы сомасы 110 миллион доллар пара алғаны жөнінде болжам айтылған.

Әзірге президенттің өкілеттігі ресми түрде тоқтатылғаны хабарланған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button