Қоғам
Тренд

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

Орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2022 жылғы қаңтардан бастап басқарды. Биыл тамызда бұл лауазымға қайта тағайындалған болатын.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button