Әлем
Тренд
«Иран Дональд Трамптың көзін жоюға дайындалып жатыр» — Израиль барлау қызметі
Осыдан кейін АҚШ-та бірқатар шенеуніктің қауіпсіздігі күшейтілген. Атап айтқанда, Қаржы министрі Скотт Бессент әскери базаға көшірілген.

Израиль барлау қызметі Иранның АҚШ президенті Дональд Трамп пен америкалық жоғары лауазымды тұлғаларға қастандық жасау жоспары туралы Вашингтонға ақпарат берген.
Бұл туралы Israel Hayom басылымы Израиль мен АҚШ-тың аты аталмаған жоғары лауазымды өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.
Мәлімет бойынша, шабуыл үшін жарылғыш зат орнатылған ұшқышсыз аппараттар пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ барлау ақпараты тағы бір батыс арнайы қызметі тарапынан расталғаны айтылады.
Осыдан кейін АҚШ-та бірқатар шенеуніктің қауіпсіздігі күшейтілген. Атап айтқанда, Қаржы министрі Скотт Бессент әскери базаға көшірілген.
Алайда Ақ үй мен АҚШ Орталық барлау басқармасы бұл нақты қастандық жоспары туралы ақпаратты ресми растаған жоқ.



