Мәдениет

«Біз туралы өсек-аяң көп»: Сәкен Майғазиев Мақсат Базарбаев туралы тосын жазба жариялады

Сәкен Майғазиев «Музарт» тобының бұрынғы әншісі Мақсат Базарбаевқа арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Өнер иесі досын 50 жасқа толуымен құттықтап, ақ тілегін жеткізген.

«Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір-біріміздің қасымыздан табыла білетініміз бірінші Аллаға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жазбаға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Тек “Музарттан шығарып жібергенім болмаса” деп аяқтау керек еді», «Өсек-аяңды құттықтауға қоспаса да болады ғой», «Смайликтерді аз салыпты», «Мақсат – “Музарттың” алтын дауысы», «Уақытында еленбеген достықтың өкініші бар ма?» – деп жазды көпшілік.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button