Оқиға

Теміртау маңынан  әйелдің бөлшектелген мәйіті табылды

Еріктілер мен әскери қызметкерлер иттердің көмегімен орман алқаптарын, саяжай аумақтары мен зираттарды түгел тексерген

Теміртау маңынан 38 жастағы әйелдің бөлшектелген мәйіті табылды. Ирина Керн осыдан екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір әйелдің өліміне онымен бірге тұрған азамат күдікке ілінді, деп хабарлады КТК арнасы.

Ирина Керн 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Сол кезде әйелдің күйеуімен жанжалдасып, үйден шығып кеткені хабарланған еді. Қалада оны іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Еріктілер мен әскери қызметкерлер иттердің көмегімен орман алқаптарын, саяжай аумақтары мен зираттарды түгел тексерген. Алайда іздеу нәтижесіз аяқталды.

Иринаның бірге тұрған азаматы әйелдің үйден жиі кетіп қалатынын айтқан. Тіпті оны іздеу жұмыстарына өзі де қатысқан. Алайда кейін ер адамның кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Мәліметке сәйкес, бөлшектелген дене қалдықтары қаладан 22 шақырым жердегі, күдікті от жағушы болып жұмыс істеген шипажай аумағынан табылған. Марқұмның артында үш баласы қалды. Кенжесі небәрі үш жаста.

«Біз бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстадық. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Теміртау қалалық полиция басқармасының бастығы Талғат Бакаев.

Полиция мәйітті қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталғанын мәлімдеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button