Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
бұл – «Заң мен Тәртіп» қағидаты Конституцияда бекітілгеннен кейін біртұтас жүйедегі мемлекеттік компанияларға қатысты қозғалған алғашқы ірі сыбайлас жемқорлық ісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы мұны мемлекеттік компанияларда жемқорлықтың белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай деп атады. Оның айтуынша, бұл – «Заң мен Тәртіп» қағидаты Конституцияда бекітілгеннен кейін біртұтас жүйедегі мемлекеттік компанияларға қатысты қозғалған алғашқы ірі сыбайлас жемқорлық ісі. Президент тергеу енді басталғанын және оның мәліметтерін жариялауға заңмен шектеу қойылғанын еске салды.
Ақорданың дерегінше, 2023–2025 жылдары 3 168 жемқорлық құқықбұзушылығы анықталған. Оның 2 165-ін мемлекеттік қызметшілер жасаған. Жалпы шығын 248 млрд теңгеден асқан. Ал биылғы 10 айда 751 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 546-сы мемлекеттік қызметшілерге, 205-і өзге тұлғаларға қатысты. Президент жемқорлық фактілері қоғамнан жасырылмайтынын айтты.
Сондай-ақ барлық хабарламаны ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Бас прокуратураның қатысуымен тексеретінін жеткізді.



