Әлем

«Қытайлық тыңшы әйелмен көңілдес болған»: Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуанг отставкаға кетті

Америкалық чип өндіруші Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг қызметінен кетті және директорлар кеңесінен шықты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Оның орнына компанияны қаржы директоры болған Колетт Кресс басқарады.

«Қытайға тыңшылық еткен әйелмен қарым-қатынаста болған»

Бұған дейін The New York Times газеті Nvidia басшысы қытайлық кәсіпкер әйел Элис Хуангпен жақын қарым-қатынаста болған деп жазған еді. АҚШ арнайы қызметтері ол әйел тыңшылық жасап, Пекинге ақпарат беріп отырған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Элис Хуанг Nvidia-дан чиптер сатып алатын Сингапурдың Megaspeed компаниясында жұмыс істеген.

NYT дерегінше, АҚШ-тың арнайы қызметтері бұл күдіктері туралы шамамен бір жыл бұрын АҚШ президенті Дональд Трампқа баяндаған, алайда ол бұл ақпаратқа байланысты ешқандай шара қолданбауды жөн көрген.

Осы шудан кейін Nvidia компаниясы Дженсен Хуангтың үстінен тәуелсіз тексеру бастаған еді. Бұл жаңалықтан соң компанияның акциялары күрт арзандаған.

Биыл қазан айында Дженсен Хуанг Астанаға келіп, үкімет өкілдерімен кездескен еді. Хуанг пен жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен Екібастұзба қуаты 1ГВт болатын дата-орталық (Data Center Valley) салуды талқылаған. Дженсен Хуангтың айналасында шу басталғалы ресми Астана бұл жобаға қатысты мәлімдеме таратқан жоқ.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button