Әлем

Түркияда зауытта жарылыс болып, 3 адам көз жұмды (ВИДЕО)

Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында жарылыс болып, үш адам көз жұмды. Тағы 14 адам жараланды, оның үшеуінің жағдайы ауыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға Алиаға ауданындағы Habaş кәсіпорнында болған. Жарылыстан кейін он жұмысшы үйінді астында қалған. Қазір оларды құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға туралы ақпаратты A Haber телеарнасы Измир губернаторлығына сілтеме жасап таратты. Жарылыстың себептері әзірге хабарланған жоқ.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button