Аяқ киіміне бола алтынынан айырылған спортшы Тоқаевтың қолынан марапат алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Жапонияда өткен Азия ойындарында спорттық жүрістен бірінші болып мәреге жеткенімен, спорттық аяқ киіміне байланысты даудан кейін алтын медалынан айырылған Ясмина Тоқсанбаева мемлекеттік награда алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл атлетті «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
Ол жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің мәртебесін асырғанын айтты.
Тоқаев жиында өзге спортшылармен бірге Ясмина Тоқсанбаеваны да «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Спортшы Азия ойындары мен Азия пара ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын марапаттау тізіміне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева Азиядада аяқ киімнің кесірінен алтыннан айырылған еді. Ясмина Тоқсанбаева 42,195 шақырым қашықтықта спорттық жүрістен өткен марафонда 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен бірінші болып мәреге жетті.
Алайда Ясминаның жарыс кезінде киген аяқ киіміне қатысты дау туындап, World Athletics халықаралық жеңіл атлетика федерациясы спортшымыз киген аяқ киім үлгісінің рұқсат етілген тізімге жатпайтынын анықтаған.



