Қоғам
Тренд

86 500 теңгеге дейін айыппұл: полицейлер Ақмолада жазғы дөңгелекпен жолға шыққан жүргізуші кері қайтарып жатыр

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жазғы дөңгелекпен жолға шыққан 744-тен астам жүргізуші кері қайтарылды.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 8-9 қараша күндері өңірдегі бірқатар республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген. Атап айтқанда, Астана – Щучинск, Астана – Шідерті – Павлодар және Көкшетау – Атбасар бағыттарында жазғы дөңгелекпен жабдықталған көліктердің жүруіне тыйым салынды.  Сонымен қатар ауа райы мен жол жағдайына байланысты республикалық тасжолдардың жекелеген учаскелерінде жылдамдық шектеуі күшейтілді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Себебі, 9 қарашада Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар, кей жерлерде қалың қар жауады деп болжанып отыр.

Республикалық тасжолдардың жағдайын тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Айта кетейік, Қазақстанда қыста жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button