Әлем

«6 адамның өмірін қиған атыс»: ел билігі Польшаның Краков қаласындағы қырғынды террорлық акт деп таныды

Польшаның Краков қаласында 6 адамның өмірін қиған атыс террорлық акт ретінде тергеліп жатыр.

Еуропалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 7-ші қарашада қарулы ер адам Рыночная алаңы маңында көліктен өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан 16 адам жараланды. Қаза тапқандар арасында Ұлыбритания азаматы мен 3 поляк бар.

25 жастағы күдікті ұсталды. Оның пәтерінен 7 атыс қаруы мен көп мөлшерде оқ-дәрі табылған. Тағы 4 қаруды өзімен бірге алып жүрген.

Тергеу мәліметінше, күдікті ультраоңшыл көзқарасты ұстанған. Кейін оның ата-анасы мен әпкесінің мәйіті табылды. Алдын ала дерек бойынша, үшеуі де оқ жарақатынан көз жұмған.

Елде қаза тапқандарды еске алу үшін екі күндік аза тұту жарияланды.

Краков қаласының орталығында 24 жастағы ер адам кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланған

Тоқаев Краковтағы атысқа байланысты Польша президентіне көңіл айтты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button