Оқиға
Тренд

«Бомба қойылды»: Алматыда метро жұмысы тоқтап қалды

Алматыда әйелдің «бомба бар» деген хабарламасынан кейін метро станциясының жұмысы тоқтап қалды.

Оған «бомба қойылды» деген ақпарат себеп болған.

Полицияның хабарлауынша, бір әйел метро қызметкерлеріне «Райымбек батыр» станциясында жарылғыш зат бар екенін айтқан.

Қалалық полиция департаменті хабарлауынша, әйел ұсталған.  Алдын ала мәлімет бойынша ол Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.

Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Станцияға тиісті мамандар шақырылып, тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жарылғыш құрылғы да, күдікті заттар да табылмаған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button