Елімізде депозитке салық салынатын болды: Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалардың банктік депозиттері бойынша сыйақыларына салық енгізіледі деген ақпарат тарап жатыр.
Алайда Қазақстан Үкіметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, мұндай бастама қарастырып жатқан жоқ, ал салымдар бойынша пайыздарға бұрынғыша салық салынбайды.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктік салымдар бойынша алатын сыйақыларына жеке табыс салығы салынбайды.
Президент жанындағы ОКҚ Дезинформациямен күрес орталығының хабарлауынша, мұндай көрінеу жалған мәліметтерді қасақана тарату құқықтық бағалауға әкеп соғуы мүмкін.
«Орталық азаматтарды ақпарат таратуға, әсіресе негізсіз мазасыздық пен қоғамдық шиеленіс тудыруы мүмкін сезімтал әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға шақырады», — делінген хабарламада.



