Әлем

Берлиндегі қонақүйден Бавария вице-премьері әрі экономика министрі Хуберт Айвангердің мәйіті табылды

Берлин полициясы мен прокуратурасы өлімнің мән-жайын және оған өзге адамдардың қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Германияның Бавария жерінің вице-премьері әрі экономика министрі Хуберт Айвангер Берлиндегі қонақүйлердің бірінен өлі табылды, деп хабарлады tiek.kz Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

55 жастағы саясаткер «Еркін сайлаушылар» партиясының жаңа кеңсесінің ашылуында сөз сөйлеуге тиіс болған. Алайда денсаулығына байланысты қатысудан бас тартып, кейін байланысқа шықпаған. Артынша оның мәйіті қонақүй бөлмесінен табылды.

Берлин полициясы мен прокуратурасы өлімнің мән-жайын және оған өзге адамдардың қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Ал Tagesspiegel басылымының мәліметінше, билік өлім табиғи себептерден болуы мүмкін деп есептейді.

Бавария премьер-министрі Маркус Зёдер саясаткердің отбасына көңіл айтты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button