Қоғам
Тренд

Burger King желісіндегі дау: басшылардың бірі жұмыстан қуылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan компаниясындағы дауға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды tiek.kz.

Министрлік аталған жағдайдың ведомство бақылауында екенін мәлімдеді.

Мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Ал «QSR» Burger King ЖШС-ға қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде басшылардың бірі уақытша қызметінен шеттетілді.  Министрлік алдағы уақытта жағдайдың қалай жалғасатынын хабарлайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде белгілі мейрамханалар желісі Burger King-ке қатысты дау туған болатын.

Әлеуметтік кәсіпкер Жанат Қаратай белгілі бренд аутизм диагнозы бар ұлына қысым жасап, жұмыстан шығуға мәжбүрледі деп айыптаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button