
Құрылтай депутаттары ветеринария саласына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды tiek.kz.
Құжат қабылданса, ветеринар мамандардың орташа жалақысы қазіргі 220 мың теңгеден 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Құрылтайдың аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаев мәлімдеді. Заң жобасын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен жыл сайын шамамен 27 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Заң жобасында ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринарларға әлеуметтік қолдау көрсету де қарастырылған. Жергілікті мәслихаттар олардың лауазымдық жалақысы мен тарифтік мөлшерлемесін қаладағы әріптестерінің жалақысынан кемінде 25 пайызға көтере алады. Бұған қоса, баспана алуға көмек, көтерме жәрдемақы, жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерге өтемақы қарастырылған. Сондай-ақ еңбек демалысына шыққанда кемінде 2 лауазымдық жалақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу ұсынылған. Ғылыми дәрежесі бар мамандарға да қосымша ақы белгіленбек.



