Тарихи жеңіс! Қазақстандық Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы
Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында жаңа белеске көтерілді
Италияда өткен XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы бәсеке аяқталып, алтын жүлде Михаил Шайдоровқа бұйырды.
Шайдоров еркін бағдарламада 198.64 ұпай жинап, жалпы есепте 291.58 ұпаймен қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Ең бастысы — ол жарыс барысында 5 төрттік секіруді мінсіз орындап, Олимпиада аренасын дүр сілкіндірді.
Күміс — Юма Кагияма (Жапония) — 280.06
Қола — Шун Сато (Жапония) — 274.90
Бұл — Қазақстан үшін тарихи нәтиже. Ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиадада бір спорт түрінен екі жүлде алынды.
Еске салайық, 2014 жылы Сочи Олимпиадасында Денис Тен қола медаль иеленген еді. Ал Қазақстанға қысқы Олимпиададағы алғашқы алтынды 1994 жылы Лиллехаммерде Владимир Смирнов әкелген болатын.
Тарихи жеңістен кейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровтың жеңісімен қазақ елін құттықтады



