Әлем

АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ құлап 9 адам көз жұмды

Ұшақ тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлаған.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Помпано-Бич қаласында Learjet 60 жеңіл ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 9 адам көз жұмды. 

Ұшақ Крестхейвен тұрғын ауданында құлап, соның салдарынан ірі өрт шыққан. Бұл туралы АҚШ Федералдық авиация басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ұшақ Техастағы Остин-Бергстром халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Багам аралдарындағы Норт-Эльютера әуежайына бет алған. Апаттың себептері әзірге белгісіз.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button