Мәдениет
Тренд

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды

Сыйлық екі жылда бір рет беріледі.

2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Зиялы қауымның беделді өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, театр, музыка және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 7 жұмысты қарады.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев ұсынылған еңбектердің қоғамдағы талқылану барысы туралы баяндама жасады.

Комиссия дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылған туындыларға қатысты ортақ келісімге келе алмады.

Сондай-ақ отырыс барысында Комиссия қызметін жетілдіру, атап айтқанда, жұмыстарды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және конкурстық іріктеу рәсімдерін жүйелеу ұсынылды.

Осылайша, биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды.

Мемлекеттік сыйлық – еліміздің мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосқан әдеби туындыларға берілді. Сыйлық екі жылда бір рет беріледі.

Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан КП ОК мен ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің каулысымен 1965 жылғы 15 наурыздан беріліп келеді.

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық ел мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосты деп танылған үздік шығармалар үшін 2008 жылдан бастап беріліп келеді.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық экономикалық және әлеуметтік дамуды жеделдетуге ықпал еткен қазақстандық ғылым-техниканың озық жетістіктері мен қолданбалы зерттеулер саласындағы үздік нәтижелері үшін 2015 жылдан бастап беріліп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 24 наурыздағы №292 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының атауы Қазақ­стан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы деп өзгертілді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button