Қоғам
Тренд

«PARYZ» конфедерациясының құрамы жаңа қауымдастықтармен толықты

Ұлттық кәсіпкерлер конфедерациясы «PARYZ» құрамына бірқатар жаңа салалық бірлестіктер қабылданып, ұйымның ықпалдастық алаңы кеңейе түсті

Конфедерация кеңсесінде өткен кездесуде жаңадан қосылған қауымдастық өкілдеріне мүшелік сертификаттары табысталды.

Фото: tiek.kz

Бүгінде «PARYZ» еліміз бойынша 47 салалық және өңірлік бірлестікті біріктіріп отыр. Бұл жолы оның қатарына білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және фармацевтика салаларында жұмыс істейтін беделді ұйымдар қосылды.

Президиум төрағасы Жұмабек Жанықұлов өз сөзінде бизнес қауымдастығының бір алаңда тоғысуы әлеуметтік әріптестікті нығайтып, мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы диалогты жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.

Конфедерация құрамына енген ұйымдар:

  • «Асыл Ұрпақ» қауымдастығы» ӨӨҰ

  • «BilimInvest» білім беру инвесторларының ұлттық қауымдастығы

  • Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы

  • Сүтті және аралас тұқымды ірі қара малдың республикалық палатасы

  • «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері»

Фото: tiek.kz

Кездесу барысында қатысушылар салалық реттеуді жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін күшейту және кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады. Тараптар бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жүйелі түрде нығайту қажеттігін айтты.

Конфедерация өкілдерінің пікірінше, жаңа мүшелердің қосылуы кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға, салалар арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және экономикалық бастамаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button