Оқиға

Семейде облыстық сот ғимаратының алдында бір адам өзін өртеп жіберді

Семей қаласында облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам үстіне бензин құйып, өрт қойған.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы белгіленген нормативтік мерзімде оқиға орнына жеткен. Алайда медицина қызметкерлері келген кезде адам қайтыс болған.

Әзірге марқұмның кім екені және оны мұндай қадамға не итермелегені белгісіз.

Ақпаратты Абай облысының полиция департаменті растады.

«30 қазан күні сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам өз-өзін өртеп, қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button