Қоғам
Тренд

«Қауіпті факторларға назар аударылмаған»: Бектенов 14 сарбаздың өліміне әкелген кемшіліктерді атады

Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру барысында әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау мен өткізу кезіндегі жүйелі проблемалар анықталды. Бұл туралы Премьер-министр депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Үкімет басшысы Құрылтай депутаттарының 2026 жылы 1 қазандағы сауалына берген жауабында әскери оқу-жаттығулар кезіндегі қауіпсіздік мәселесіне тоқталған. Оның мәліметінше, тексеру кезінде қауіпті факторларға жеткілікті назар аударылмағаны анықталған.

 

“Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру нәтижесінде оқу-жаттығулар барысын бақылауды ұйымдастыруда, ықтимал тәуекелдерді бағалауда және жағдай өзгерген кезде жедел ден қоюға дайындықта кемшіліктер бар екені анықталды. Атап айтқанда, қауіпті факторларға жеткілікті назар аудармау, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және оқу-жаттығулардың қауіпті кезеңдерін тоқтата тұру туралы шешімдердің уақтылы қабылдануына тиісті бақылаудың болмауы”, – делінген жауапта.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес уәкілетті органдар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, оқу-жаттығуларды жоспарлау тәртібін стандарттау үшін жаңа Әскери реформа жоспары әзірленгенін айтқан.
Ол басқару жүйесін толық жетілдіруді көздейді.
Тергеу барысы: Каспийдегі қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, Бас прокуратура күдікті лауазымды тұлғаларды анықтады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button