Экономика
Тренд

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өседі

Үкімет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеруге қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Бұл шығындар үш жылдық бюджет жобасында қарастырылмақ.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

70 медициналық нысанның құрылысы аяқталуға тиіс

Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 70 медициналық нысанның, оның ішінде 8 перинаталдық орталық пен 9 көпсалалы балалар ауруханасының құрылысын уақытында аяқтау тапсырылды. Сондай-ақ балаларды оңалтуға арналған өңіраралық орталықтардың жаңа филиалдарын салу мәселесі пысықталмақ.

Алғашқы медициналық көмек жаңғыртылады

Олжас Бектенов алғашқы медициналық көмектің тиімділігін арттырып, аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтауға басымдық беруді тапсырды. Сонымен қатар жалпы практика дәрігерлерінің диагностикалық зерттеулерді өз бетінше тағайындау және клиникалық шешім қабылдау өкілеттіктерін кеңейту қажеттігі айтылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button