Қоғам

«Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен босатылды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлады tiek.kz.

Бұл шешімге компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяулауы тікелей себеп болды. Сонымен қатар жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына тиісті деңгейде бақылау жасалмағаны анықталған.

Айта кетейік, «Самұрық-Энерго» – Қазақстандағы электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу саласындағы аса ірі энергетикалық холдинг. Компания еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ірі инфрақұрылымдық және жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыруға жауапты негізгі құрылым саналады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button