Қоғам

Орта және шағын бизнесті тексеруге үш жыл мораторий жариялануы мүмкін

Тоқаев бизнеске заңсыз кедергі жасауды тоқтатуды талап етіп, отандық өндірушілерге жасалатын кедергілерді сынға алды.

Айтуынша, экономикалық құқықбұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту қажет.

Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы алғашқы жартыжылдықта жеке кәсіпкерлер тарапынан анықталған заңбұзушылықтар 34%-ға азайған. Алайда айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11%-ға өсіп, жоспардан тыс тексерулер саны ондаған есе артқан. Президент 2020–2023 жылдардағы мораторий тәжірибесін ескеруді ұсынды.

Оның пікірінше, бұл қадағалау жүйесін қайта қарап, цифрлық реттеуге көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларында шағын және орта бизнеске белгілі бір үлес бөліп, жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдетуді ұсынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Құрылтай депутаттары мен Үкіметке осы ұсынысты талқылауды тапсырды.

«Құрылтай депутаттарына Үкіметпен бірлесіп, бұған дейінгі мораторийдің оң және теріс тұстарын жан-жақты ескере отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы да үш жылдық мораторий енгізудің орындылығын талқылауды ұсынамын», — деді президент.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button