Қоғам
Тренд

Елімізде жыл басынан бері 17 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен

2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары іздеу жариялаған 1 031 күдікті ұсталған.

Polisia.kz мәліметінше, 5 қазанда басталған «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері шамамен 249 мың тұрғын үй нысанын тексерді. Оның ішінде 12,5 мың жалдамалы пәтер бар.

Тексеру барысында тіркеусіз тұрудың 9 мыңға жуық дерегі анықталып, жолы кесілді. Сондай-ақ 7 189 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрақты тұрғылықты жері жоқ 2 128 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шетелдердің құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 537 адам ұсталды.

Ұсталғандардың қатарында Астанада қолға түскен 67 жастағы ер адам да бар. Ол алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған.

Іс материалдарына сәйкес, 2018 жылы Қарағанды қаласында күдікті коммерциялық ұйымның қоймасынан тауарды сату сылтауымен алып шығып, құны 401 миллион теңгеден асатын мүлікті иемденген.

Полицияның мәліметінше, «Қауіпсіз үй» іс-шарасы тұрғын үйлердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button