Заң үстемдігі

Астанада ауқымды тексерістен кейін 27 шетелдік елден шығарылды

Астана полицейлері елордада 2300-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, 27 шетел азаматын ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарды, деп хабарлайды Tiek.kz.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының қорытындысы

Елордалық Полиция департаменті республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелерін жариялады. Шара аясында тәртіп сақшылары көшелер мен қоғамдық орындарда патрульдеуді күшейтті. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заң бұзушыларды анықтауға және қылмыстарды болдырмауға аударылды.

Заң бұзушылық пен депортация

Тексеріс қорытындысы бойынша елорда аумағында 2300-ден астам заң бұзу дерегі тіркелді. Көші-қон заңнамасын сақтамағаны үшін 27 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды. Осыған орай, Полиция департаменті Астана тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда «Заңсыз келімсек» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп, оның қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен ел азаматтарына арнайы ескерту жасаған болатын.

(Дереккөз: Zakon.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button