Экология
Тренд

Астанада Есілдің бір сағасы тартылып қалды

Астана тұрғындар таңертең Есілдің суы тартылып қалғанын байқап, алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Тұрғындардың хабарлауынша, жалғыз түнде Кенесары көшесі жағындағы Есіл өзені бір түннің ішінде тартылып қалған. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде өзеннің бұрынғы және қазіргі суреттерін жариялап жатыр

Әкімдіктің түсіндіруінше, қала құрылыс басқармасы Есіл өзенінде 5-кезектегі су реттейтін бөгетті салу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоспарлы жұмыстар кезінде өзен арнасы басқа жаққа бұрылған.

«Қалалық құрылыс басқармасы Есіл өзеніндегі су реттейтін бөгеттің бесінші кезеңін салу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды, су деңгейін көтеру басталды», — деп хабарлады әкімдік.

Өзендегі су деңгейінің нақты қай уақытқа дейін қалпына келетінін әкімдік нақтыламады. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды, су деңгейін көтеру басталады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button