Қоғам
Ақша үшін ереуіл ұйымдастырмақ болған: ҰҚК Жаңаөзендегі арнайы операцияға қатысты түсінік берді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілінген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.
Kazinform агенттігінің бұған дейінгі мәліметінше, топ мұнай-газ саласы қызметкерлерін жаппай наразылыққа итермелеп, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамынан бөлінетін қаржыны көбейтуді көздеген болуы мүмкін.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктілерге тағылған нақты айып туралы ақпарат берген жоқ. Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын хабарлады.
Комитеттің мәлімдеуінше, құқық қорғау органдарының уақтылы әрекеті азаматтардың зардап шегуіне, жаппай тәртіпсіздік пен тонауға жол бермеуге мүмкіндік берген.



