Заң үстемдігі
Тренд

«Asar Baspana» пирамидасы: 90 мың адам 25 млрд теңгеден айырылған

Алматыда көп деңгейлі «Asar Baspana» қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап Tiek.kz хабарлады. Тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізген. Анықталғандай, пирамида 2023–2025 жылдар аралығында тұтыну кооперативі ретінде әрекет етіп, Қазақстанның барлық өңірінен салымшылар тартқан.

Ресми дерекке сәйкес:

  • жобаға 90 мыңнан астам азамат қатысқан;

  • тұрғындар салған қаржы көлемі 25 млрд теңгеден асқан.

Тергеу материалдарына қарағанда, жиналған қаражаттың басым бөлігі бақылаудағы жеке кәсіпкерлердің шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналған. Ұйымдастырушылар бұл ақшаны жеке мақсаттарына жұмсап, есеп-қисапты әдейі жүргізбеген. Құқық қорғау органдары мұны қылмыстың ізін жасыру амалы деп бағалайды.

Қазір іс соттың қарауына берілді. Прокуратура азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға сақтықпен қарауға, «жылдам әрі кепілді табыс» уәделеріне сенбеуге шақырды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button