Қоғам
Тренд

Алматыдағы ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен 58 оқушы емделіп шықты

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен 58 оқушысы толық емделіп, үйлеріне жіберілді.

Мұны Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Дәрігерлер оларға клиникалық хаттамаларға сәйкес қажетті медициналық көмек көрсеткен. Алайда денсаулық сақтау басқармасы балалардың нақты қандай диагнозбен емделгенін және олардың жаппай сырқаттануына не себеп болғанын хабарлаған жоқ.

Бұған дейін Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауыр ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскені туралы жазған едік. Кейін бұл оқиғаны Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.,

Кейін Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың улануына қатысты жедел шаралар қабылдап, нәтижесінде мектептің тамақтану блогында азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу талаптарының бұзылғаны анықталды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button