Экономика

Көпбалалы аналарды жәрдемақыдан бас тартуға мәжбүрлеу: мамандар үйлерді аралай бастады

Түркістан облысында әлеуметтік сала мамандары тұрғындардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын бағалай бастады. Бұл ақпаратты растаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлады tiek.kz.

Бұған дейін көпбалалы ана үйі мен несиеге алған көлігі бар болғандықтан, өзін жәрдемақыдан бас тартуға шақырғанын айтып, бейнежазба жариялаған еді.

Басқарма өкілдері әйел берілген ақпаратты дұрыс түсінбегенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, мамандар Цифрлық отбасы картасындағы А және В санатына жататын тұрғындардың жағдайын зерделеп, түсіндіру жұмыстарын атқарып жатыр.

Еске салайық, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда отбасының әл-ауқаты ескеріледі. Шектеулер А және В санатындағы азаматтарға қатысты. Тізімде бала тууға, 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар бар.

Дегенмен кейбір алушыларға ерекшеліктер қарастырылған. Отбасының санаты табыс көлемімен ғана емес, бірнеше көрсеткіш бойынша жиналған ұпаймен анықталады.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button